Текст
Семинар тақырыптары:
Өтетін орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Бозайғыр ауылының „Бөбек балабақшасы“ МКҚК»
Біздің балабақшаның педагог‑эксперті Жармақова Алия Темірбаевна әріптестер ұйымдастырған облыстық семинарға қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында ол «Отбасыға қадам: консультативтік пункт – сенім мен қолдау кеңістігі» атты шеберлік сабағын өткізіп, ата-аналармен өзара әрекеттесудің тиімді тәсілдерін таныстырды. Алия Темірбаевна консультативтік пункттердің отбасы мен балабақша арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызын атап өтіп, ата-аналарға психологиялық‑педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи әдістерін ұсынды.