«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру Одағы: үздік тәжірибе» облыстық байқауының ережесіне сәйкес «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК
2026 жылы «өзара іс-қимылдың үздік тәжірибесі» номинациясы бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жолдайды.
Құжаттарда:
- конкурсқа қатысушының өтінімі (1 бет) бейне материалға сілтеме жасай отырып (4 мин 55 секунд);
Бейне мазмұны:
- Ұсынылып отырған тәжірибе жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әзірленген және «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбын қамтиды. Материалда мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен бастауыш Жолымбет кентінің №2 мектеп арасындағы білім беру процесінің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық ойындарды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілген. Тәжірибе балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, адамгершілік, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған және білім беру процесінде тәжірибелік тұрғыда қолдануға ұсынылады.
- тәрбиеші Ержан У.
- мұғалім Жанарбек Ш.