"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күн тәртібінің маңызы.

https://www.instagram.com/p/C2ZLM4BN5et/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Салауатты өмір салтының негізгі бір бағыты – күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Балаңыз болашақта өзбетімен шешім қабылдауға қабілетті, биік белестерді бағындыра алатын тұлға болып қалыптассын десеңіз, қазірден бастап күн тәртібін жоспарлауға үйретіңіз.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі балаңыздың бойына жоғарыдағы қасиеттерді сіңіріп қана қоймайды, сонымен бірге физиологиялық тұрғыдан да дұрыс қалыптасуына оң әсер береді.

Күн тәртібін дұрыс қолдану дағдылықты, жүктемені дұрыс бөлуге, бос уақытты дұрыс пайдалануға әкеледі. Дұрыс күн тәртібі жүйке жүйесін күйзелуден, шаршаудан, тұйыққа тірелуден сақтайды.

Дұрыс қарастырылған күн тәртібі тек ағзаны жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар еркіндікке тәрбиелейді, өмірлік тонусты, жұмысқа қабілеттілігінді арттырады.

Күн тәртібін құрастыру келесі кезендерден тұрады:  

А) дұрыс ұйықтау мен демалуды қалыптастыру.

Б) қысқа уақытты таңғы жаттығу және сумен шынықтыру.

В) қалыпты тағамды қабылдау.

Г) күнделікті серуен.

Д) физикалық жаттығуларға, жүгіруге, шынығу жаттығуларына арнайы уақыт бөлу.

Е) демалыс және жұмыс күндерді тиімді тынығуды ұйымдастыру.

Егер біз күн тәртібі өте пайдалы болуы қажет десек, онда оны күнделікті орындауға, өмір салтына дағдыға айналдыруымыз керек.

Әдетте балабақшаның жалпы күнделікті жұмыс тәртібі келесідей:

Сағат 8: 00-8: 30-ға дейін ата-аналар балаларын әкеледі

8.30-дан 09.55-ке  таңғы жаттығулар, Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар).

Сағат 09:00-да балабақша таңғы ас беріледі.

Түскі ас  12.00-12.30  дейін беріледі. Содан кейін гигеналық шаралар  және ұйықтау уақыты басталады.

13: 00-15: 00 – түскі ұйқы уақыты.

15.00-15.30 ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары.

Сағат 16.00 де бесін ас, содан кейін ұймдастырылған іс-әрекеттер,таза ауада серуен  (серуенде қимылды ойындар, табиғат нысандарына бақылау)жүргізіледі.

Сағат 17.00 кешкі ас,содан кейін балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар).

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде дұрыс ұйымдастырылған күнделікті тәртіп баланың жайлы болуының және оның оңтайлы дамуының кепілі болып табылады.

Мұны тәрбиешілер де, ата-аналар үшін де  есте ұстаған жөн.

Жаңартылған күні: 22.01.2024 13:07
Құрылған күні: 22.01.2024 13:14

Текст