"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5.  мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ны Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»

     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған/қағаз түрде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.

   2022 жылы –15 қызмет көрсетілді, оның ішінде 15 - «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді, "электрондық үкімет" порталы арқылы-0.

  1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)

2022 жылы 80  қызмет көрсетілді, оның ішінде-71 - «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді, 9 қызмет мемлекеттік ұжым арқылы көрсетілді.

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ны мемлекеттік кәсіпорнына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

      Жолымбет кенті Театральный көшесі, 9, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ның, телефон нөмірлері: 8 (71631) 27-5-99, электрондық мекенжайы: botakoz2009@yandex.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады..

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.02.2023 12:03
Құрылған күні: 10.02.2023 12:13

Текст