"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолымбет к. "Ботакөз" бөбекжайы" МКҚК мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің (тәрбиеші) уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

22.07.2022

  «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 12 ақпандағы № 57 Бұйрығына « Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің (тәрбиеші) уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

«Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК негізгі қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Орналасқан жері: Ақмола облысы  Шортанды ауданы  Жолымбет кенті  Театральный көшесі № 9

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап 2022 жылдың  02 тамызына дейін.

Уақытша бос лауазымның мерзімі: 14.03.2025 ж. дейін

Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 159049 тенгеден 178691 тенге аралығында

1.Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл.

 

      . Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;

      жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

      перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

      тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

      әдістемелік жұмысқа қатысу;

      балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

      инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;

      аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

      өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

      перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

      балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу;

      балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

      балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

      әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

      өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

 

2. Лауазымдық міндеттері:

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

      балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

      дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

      қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

      мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

      мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

      отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады

Просмотров: 215

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст