Текст
Егер дені сау балалардың ата-аналары балабақшаларды баласы өз құрдастарымен ойнай алатын және араласатын орын ретінде қабылдаса, онда мүмкіндігі шектеулі "ерекше" балалардың ата-аналары үшін олардың баласы әлеуметтік бейімделетін және интеллектуалды дамитын орын болуы мүмкін. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды қоғам жағдайында дамуға мүмкіндік беретін инновациялық білім беру жүйесі. Бұл білім беру жүйесі барлық балаларды тең қабылдауды және әр баланың ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуға жеке көзқарасты енгізуді білдіреді. Нәтижесінде балалар қоғамның толыққанды бөлігіне айналады.