"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2023 жылғы қызметі туралы есеп

21.02.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2023 жылғы қызметі туралы есеп

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5.  мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ны Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2023 жылы – «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 89 қызмет көрсетілді

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»

     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі- мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдайды және көрсетілетін қызметті  алушыдан қабылданған құжаттардың толықтығын тексере отырып тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде кезек нөмірін көрсете отырып, кезекке қою туралы хабарламаны (еркін нысанда) береді.

2023 жылы  «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы 18 қызмет  көрсетілді.

  1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық. Қызмет көрсету тәсілдері: көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі-  «akmola.kz».

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші Қағидаларға сәйкес , 4- Қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбе бойынша құжаттарды қабылдайды және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың бірі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға тіркейді.

2023 жылы «akmola.kz» ақпараттық жүйе арқылы 71 қызмет көрсетілді..

2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ны мемлекеттік кәсіпорнына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

      Жолымбет кенті Театральный көшесі, 9, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК-ның, телефон нөмірлері: 8 (71631) 27-5-99, электрондық мекенжайы: botakoz2009@yandex.kz

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.

Өтініш беруші туралы ақпарат

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау туралы құжаттың №

Қабылданған шешімдер

Қайта қаралған шешім туралы ақпарат

0

0

0

0

0

0

0

 

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст