Текст
Наурыз мейрамы парсы тілінде «Жаңа күн» дегеннен басқа мағынаны білдірмейді. Адамдар бұл күні әдемі, әсем киініп, отбасы мен достарына барады және бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Біздің кентімізде де Наурыз мейрамы ұйымдастырылып, ауыл ұйымдары арасында «Қазақ ұлтының тағамы» бойынша байқау жарияланды. Біздің бөбекжай ұжымы дәмді бесбармақ пен наурыз көже әзірлеп, үсті қазақ халқы тағамдарына толы дастархан жайды. Сәнді ұлттық киімдер киген бөбекжайымыздың қызметкерлері ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, мерекенің ажырамас атрибуты – наурыз көже мен бесбармақпен дәм татқызды.