Текст
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды. 2024 жылы 27 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум 2024 жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді. Атом электр стансасы жобасы бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Билік «ел өміріндегі әрбір маңызды қадам халықпен бірге жасалады» және атом электр станциясын салу немесе салмау халыққа таңдау құқығы берілгенін айтады.
«АМАНАТ» партиясының Шортанды аудандық филиалының төрағасы А.Ш.Қожамсейітов бөбекжай ұжымымен кездесуінде мұндай жобаның маңыздылығын, қажеттілігін және жүзеге асырылу мүмкіндігін «Қазақстан Әлемдегі уран қорына ең бай мемлекеттердің бірі екенін және Қазақстан маңызды шешімдер қабылдау алдында тұр», - деп түсіндірді төраға.