"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тіліне арналған онкүндік

25.09.2018

«Ботакөз»ясли- бақшасы МКҚК - ны 

 Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай «Ботакөз» Ясли- бақшасының өткізілген онкүндіктің іс-шаралары туралы мәлімет.

 

Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық

қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

         Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін балаларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

         «Ботакөз» ясли- бақшаның өткен іс-шара жұмыстарына балалар мен педагогтар  белсене қатысты. Негізгі мақсаты:  балаларға қазақ тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

          5-18 қыркүйк аралығында  «Алаш зиялары және қазақ тілі» , «Шешендік өнер – атадан қалған асыл мұра»   тақырыптық шараларға  қатысқан тәрбиешілер – К.А. Абдикаримова, А.Т. Жармакова,Б.К. Балтаева, К.Г. Жунусова, М.А. Боровикова, А.Д. Нажарова, Н.Г. Герасимова, Мырзахан К. және қазақ тілі мұғалімі А.С. Бигаринова;  «Тіл – достықтың айғығы» тақырыптық шараларға  қатысқан орыс тілі мұғалімі Н.Е. Шахманова, тәрбиешілер С.Т. Ахметжанова С.М. Окунцова, Н.Е. Щеглова; «Мәдени – көпшілік іс - шаралар» тақырып шараларға қатысқан қазақ тілі мұғалімі А.С. Бигаринова, психолог Л.Р. Клочкова,логопед А.Т. Бещанова өткізді. Әр тақырып бойынша сабақтарда балалардың назарына М.Жумабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасының дайындаган деректі материалдарды қолдана отырып әңгіме жүргізді.

         «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты дөңгелек үстелде әдіскер Ахметжанова М.Д. тілдің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәртебесі туралы баяндама оқыды және әр қатысушының пікірі тыңдалды.  

          Бүлдіршін арасында «Бала тілі – бал »  тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Мақсаты: балалардың

ана тілі туралы өлеңдерді нақышына келтіре орындауын қадағалау, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру.

                   Балтаева Б.К. «Асықтар» ойынын  топтардың арасында өткізді. Онкүндік Қазақстан халқының тілдері күні  мерекелі концертімен аяқталды. 

 

 

Просмотров: 396

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст