"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семнар тақырыбы "Кітап ғажайыптар әлемі"

29.04.2024

2024 ж26.04.күні «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК да  ата-аналар мен бөбекжайдың ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Кітап  ғажайыптар  әлемі» атты  бөбекжайішілік семинар өтті.Семинарға барлық топ ата-аналары, Жолымбет №1,2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды.  Педагогтар өз қолдарымен дидактикалық ойындар,үстел үсті ойындары  жинағынан құралған шағын кітапшалар жасап, ата-аналарға үй жағдайында да, осылай балаларға қызықты етіп кітапшалар жасауға болатынын айтып көрсетті.Семинар құрылған бағдарлама бойынша өткізіліп, соңында ата-аналар және педагогтар бірігіп  Дөңгелек үстелмен қорытындыланды. Дөңгелек үстел барысында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп,алғыстарын білдірді.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін, балалардың кітапқа өнер туындысы, білім көзі ретінде тұрақты қызығушылығын дамыту, балалардың шығармашылық қызметіне әдеби тәжірибені белсенді енгізу үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

- Балалардың оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, сауатты тыңдаушы дағдыларын, көркемдік талғамын дамыту;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын мазмұнды және көңілді өткізудің көзі ретінде кітапқа өз бетінше жүгінуге деген ұмтылысын ояту;

- Көркем шығарманы талдау қабілетін дамыту; өлеңдерді мәнерлеп оқу, әдеби тілді қалыптастыру, балалардың сөздік қорын байыту;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ояту, ойдан ертегі құрастырып, схемалар арқылы оқығанын айтуға, ойластырылған өнімді жасау қабілетіне шақыру;

- Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу

(мейірімділік, әділеттілік, бір-біріне назар аудару және т. б., этикалық нормалармен танысу;

- Қоғаммен әлеуметтік байланыстарды кеңейту (балалар кітапханасы, мұражай, кітап дүкені, пошта дүңгіршегі);

- Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін және ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст