"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта –үшінші педагог

Орта –үшінші педагог

 

Мектепке дейінгі білім беру сапасы – бұл мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасында баланың даму мүмкіндіктеріне сәйкес келетін шарттар жиынтығы.Моделді іске асыру мақсаттарының бірі мектепке дейінгі ұйымдағы заттық- дамытушы ортаны тәрбие мен білім беру ресурсы ретінде қолдану. Сондықтан мектепке дейіні педагогтардың басты міндеттерінің бірі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін дұрыс және тиімді ұйымдастыру. Яғни, заттық-дамытушы ортаны тәрбие және білім беру процесін іске  асыру үшін білм ресурсы ретінде қолдану.Жалпы білім беру ортасын байыту – қоршаған ортаны жаңа жағдайлармен, ынталандырулармен және дамытушылық әсерлермен қанықтыру.

         

Білім беру ортасы – тұлғаның әлеуметтік және кеңістіктік-субъектілік ортасымен өзара әрекеттесуінен туындайтын тұлғаның қалыптасуына ықпал ету мен жағдайлардың, сондай-ақ оның даму мүмкіндіктерінің аумақтық және оқиғамен шектелген жиынтығы түсініледі.

 

Дамушы орта – тәрбиешілердің бастамасын, танымдық қызығушылықтарын және дағдыларын дамыту үшін функционалдық өзгермелі әр түрлі қолжетімді материалдары бар орта. Кеңістіктің өзгермелілігі – балалардың оқу жағдайына, қызығушылықтары мен қабілеттеріне байланысты даму ортасының өзгеруі.

Белсенділік орталығы – белсенділікті ынталандыратын әртүрлі материалдармен, оқу ойындарымен, дидактикалық материалдармен толтырылған шығармашылық шеберханасы, олардың әрқайсысы баланың әлеуметтік, эмоционалдық және интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді.

Заттық-дамушы ортаның қолжетімділігі – барлық балалар үшін, (соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) оқу іс-әрекеті жүзеге асырылатын барлық үй-жайлардың болуы, балалардың ойындарға, ойыншықтарға, материалдарға, оқу құралдарына, кітаптарға еркін қол жеткізуі.  Мектепке дейінгі жастағы балаларға тән іс - әрекет түрлері: қарым-қатынас, заттық және көркем әрекет, ойын, еңбек, оқу мазмұны бай тәрбиелік әлеуетті қамтиды.Үш жастағы балаларға жеткілікті үлкен кеңістік қажет. Олар әсіресе еденде белсенді ойнайды, олардың көз алдында алуан түрлі және қол жетімді ойыншықтар әлемі болуы тиіс. Олар үшін ең жабдықталған аймақ биіктігі 75-100 см еденнен жоғары қабырғалар және еденнің өзі болып табылады.

Төрт жастағы балалар үшін заттық-кеңістіктік дамытушыны ортаны қосылатын, басылып, айналатын серпінді ойыншықтармен толтыру маңызды.

Өмірінің бесінші жылында шағын топтардың оңашалануына орындар бөлу, тұйықталған кеңістік шегінде өзінің ойын әлемін құрастыру талап етіледі.Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құрудың шарты адамдар арасындағы өзара әрекетке тұлғалық-бағдарланған модельге сүйену болып табылады, ол бірқатар жағдайларды іске асырады: -мүдделері мен қажеттіліктерін құрметтеу: бос орын мен уақыт қорын, зерттеу бостандығын ұсынуды көздейді. Балалардың дербес эксперимент жүргізуін және ізденіс белсенділігін жандандыру қажет, оларды орындалатын әрекетке шығармашылық қатынасқа, өзін көрсетуге ынталандыру;

-пікірлері мен жеке ұстанымдарын құрметтеу: жеке жайлылық атмосферасын құру. Түсіністік, баланың жеке пікірін ескеру, ересек өзін баланың орнына қоя білуі сияқты қарым-қатынас әдістерін айқындаушы болып табылады;

-мектепке дейінгі ұйымдағы орта отбасындағы жағдаймен салыстырғанда, баланың танымдық қызығушылықтарын дамыту және қалыптастыруды, оның еріктік сапаларын, эмоциялары мен сезімдерін ынталандыратындай, қарқынды дамыған болуы тиіс. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға өзінің қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес бір уақытта бір-біріне кедергі келтірмей, іс-әрекеттің әр түрімен айналысуға мүмкіндік береді;  -мектепке дейінгі ұйымдағы орта отбасындағы жағдаймен салыстырғанда, баланың танымдық қызығушылықтарын дамыту және қалыптастыруды, оның еріктік сапаларын, эмоциялары мен сезімдерін ынталандыратындай, қарқынды дамыған болуы тиіс. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға өзінің қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес бір уақытта бір-біріне кедергі келтірмей, іс-әрекеттің әр түрімен айналысуға мүмкіндік береді;

-бала қажеттілігінің көптүрлілігі оларды қанағаттандыру үшін әрекеттің алуан түрлілігін тудыруға себепкер болады. 

 

 

 

Л.С. Выготскийдің   тұжырымдауы бойынша  баланың жақын арадағы даму аймағы (заттық-дамытушы орта) баланың өз бетінше және ересектердің көмегімен іске асыратын әрекеттері  арасындағы терезе сияқты.

Ересектердің оқытуы мен баланың өз бетінше оқып үйренуі ересектер мен құрдастары тарапынан «қолдау» көрсетіліп, педагогтар тарапынан келешектегі қадамдарды айқындауға мүмкіндік тудырады.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.09.2022 12:49
Құрылған күні: 17.10.2022 15:50

Текст