Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Балалардың когнитивтік және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы денсаулық сақтау және цифрлық технологиялар» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында сенсомоторлық және жарық-қимыл жаттығулары, нейроойындар, арт-терапия және цифрлық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін, қимыл-қозғалыс белсенділігін, эмоционалдық интеллектін және шығармашылық қабілеттерін дамыту тәжірибелері ұсынылды. Қатысушылар қатарында балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, психологтар, логопедтер және тәрбиешілер болды.
https://www.instagram.com/reel/DXfCOAAjSa6/?igsh=b2FpOXd6cXVkbjQw