https://cloud.mail.ru/public/Tq1o/2PzQ78VW9
Бала неге кеш сөйлейді?
Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар біздің
«Кітап ғажайыптар әлемі» атты семинарымызға хош келдіңіздер!
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің кеш шығатыны және себеп-салдарын ашу.
Бұрын біз осындай іс-шараларды аудандық деңгейде педагогтарға тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастыратынбыз. Ал, биыл сіздермен өткізуге бел буған себебіміз мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің кеш,уақытымен дамымауында және оның ата ананы да баланы әуреге салуы. Енді осы мәселелерді шешу мақсатында қолдан келгенше осындай іс-шаралар ұйымдастырамыз.
Мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты- физикалық қимыл-қозғалысы жетілген, кретивті ойлай алатын, сыни ойлау қабілеті дамыған, коммуникативті дағдылары жетілген толық баланы метепке дайындау.
Бірақ, бұл жауапты жұмысты біржақты іске аспайды. Тәрбие мен білім беру процесін сіз бен біз бірігіп ұйымдастырғанда ғана біз МДТО Моделін құра аламыз.
Ал, бұл Моделдің сапасы Сіз бен Біз қаншалықты бала қызығушылығын ту етіп,ауызбіршілікпен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасаймыз сонда.
Сіздің балаңыз ертеңгі күні өзіміз алдына баратын дәрігер,мұғалім,инженер яғни болашақ мамандар. Сондықтан сіздің балаңыз, менің балам деп бөлмей арамыздағы еліміздің болашағын бірлесе отырып тәрбие білім беру біздің міндетіміз.
Семинарымыздың мақсаты, кітаптың бала тілінің дамуындағы орынын атап көрсету.
Қазір бәріміз білеміз мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры,фонетикалық, лексикалық қателіктер өте көп. Мұның бірден бір себебі заманауи технологиялық ақпарат құралдарының жылдам әрі көптүрлі болып өмірімізге енуі. Ғалымдар мен білікті мамандардың зерттеуінше осы смартфондар мен компьютелер,телефондар баланың сөйлеу құзіреттілігін тежейтін бірден бір себеп болып отыр.
Бала тілінің кеш шығуы бұрын да болған. Бірақ, өте сирек болған. Ал, қазір бұл көрсеткіш өте жоғары. Ал, енді осы кемшілікті қалай жоямыз? Оны біз баламен жанды қарым-қатынас жасай отырып, тірі дауыс арқылы жоямыз. Әрине, сіздер ойлайсыздар біз онсызда баламен күнде байланыстамыз ғой деп. Бірақ осы байланысты педагогикалық тұрғыды қалай дұрыс қолданамыз осы семинар барысында шешетін боламыз.
-1-жасында буындарды, жеке сөзді айтпаса,
-2- жасында жеке сөздерді айтып,екі сөзден сөйлем құрамаса
-3-жасында екі-үш сөзден сөйлем құрап,ойын жеткізе алмаса
-4- жасында оқиға желісін жеткізе алмаса баланың сөйлеуі өз жасына сай емес деген сөз. Өйткені сөйлеу дегеніміз жүре пайда болатын ең жоғарғы психологиялық процес.
Жас баланың санасы өрмекшінің торындай нәзік. Құлақ жаман да жақсы да сөзді естиді. Мұрын жақсы да жаман иісті иіскейді.Бірақ, сүзгіден қайссы өтеді соны білуіміз керек. Жақсысының өтуіне жағдай жасауымыз керек.
Өйткені мектеп жасына дейінгі бала өзін қоршаған әлемді сыртқы рецепторлар арқылы қабылдап біліп таниды. Мысалы сезім мүшелері көзбен көріп, құлақпен есту тері арқылы сезіп сенсорлық аппараты дамиды.
Одан кейін проприоцептивті и вестибулярлы аппараттары дамиды. Ал бала үнемі қимыл-қозғалыссыз отырса,буын-бұлшық ет дұрыс дамымайды.
Кітаптан оқыған ертегі, шығарма мазмұны бойынша жануарлардың қимылын рөлдік ойындар арқылы ойнап тепе теңдікті сақтауға, еліктеу арқылы буын бұлшық еттерін дамытып, оны сөзбен сүйемелдеп отырсаңыз баланың даму процесін төменнен жоғарыға яғни оңайдан қиынға аяқ басу арқылы баланың сөйлеу қабілетін уақытымен дамытасыз.
Жалпы адам баласы қоршаған ортадағы заттық және табиғат әлемін танып білген соң ол туралы толық ақпараттануы керек.
Мұның бәрін біз ересектер кітап арқылы беретін білім. Ол үшін әрине бала жақсы естуі керек. Телефондарда естуді тежейтін фондық шум болады ол көзге көрінбейді. Тек біртіндеп миға сигналды жояды. Ал ми ол-сөйлеуге жауап беретін тікелей орталық жүйке жүйесі.
Яғни, бала есту арқылы әрекет ете алмаса оның сөйлеуі тежеледі. Сол үшін балаға жанды дауыс керек. Баланың сөйлеу тілін дамытуда ананың дауысы өте ерекше рөл атқарады. Неге десеңіз ол дауыс бала құрсаққа алғаш біткен күннен бастап естіген ең жақын дауысы.
Телефонды егер балаға 3 жасқа дейін көп берсеңіз осы есту қабілетін тежейді. Ал қалыпты балаға естімесе қандай да бір білім беру мүмкін емес.
Егер ол туа біткен кемтар бала болса ол бұған қатысы жоқ.
Ал қалыпты болып туылып ересектердің кесірінен деймізбе әлде қателігінене деймізбе, естімей қалса беті аулақ аутизмге дейін апарады екен. Сондықтан табиғаттың заңы бойынша балаға табиғи дауыспен әсіресе ана өз дауысымен табиғаттағы шынайы дыбыстармен өсірілсе ол балада сөйлеу тілі уақытымен еш кедергісіз шығады. Өйткені адам жүз жерден білімді де білікті болсақта табиғаттың бір ажырамас бөлшегіміз.
Міне, осыдан жаратылыстың заңы бойынша жалпы адам баласының дамуы өте күрделі екендігін білеміз. Мысалы жан-жануар төлдері туғаннан соң бірден дыбыс шығарып жүріп кетсе адам баласының дамуы өте күрделі бірнеше саты арқылы біртіндеп ұзақ уақытта дамиды.
Ал сөйлеу дегеніміз жүре пайда болатын ол ең жоғарғы психологиялық процес болғандықтан баланың ең бірінші сипап сезіну арқылы анализаторларын (көру,есту,тері арқылы сезіну арқылы сыртқы дүниені қабылдауын) ояту керек.
Яғни, дененің сыртқы және ішкі бөлігін жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып отыратын шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталығында аяқталатын күрделі жүйке жүйесін үнемі ояу ұстауымыз керек.
Содан кейін қозғалыс белсенділігін бақылап отыруымыз керек.
Қазіргі заманғы электронды кітаптар әрине ересектерге қолжетімді, ыңғайлы. Бірақ біз сол құрылығыны қолдана отырып, баланы сол құрылғыға тәуелділікке әкелеміз.
Сондықтан кітап адам денсаулығына ешқандай зиян әкелмей дамытатын бірден бір білім кілті.
Онда телефондағыдай фондық шум жоқ. Керсінше кітап оқыған сайын мидың қызметі артса, ал смартфон ол көзімізді ауыртады, фондық шум баланың әсіресе мектеп жасына дейінгі баладағы тітіркендіргіш анализаторларының жұмысын тежейді. Қаны қоюланып,ағзаға оттегі бармайды.
Бірақ, кітап таңдағанда да оның баланың мүмкіндігіне, жасына,денсаулығына сай дұрыс таңдасақ баланың сөйлеуін уақытымен дамуына жағдай жасаймыз.
Мысалы 2-3 жасар балаға біз 5-6 кейіпкері бар ертегі немесе шығарма оқи алмаймыз себебі ол бұл жастағы баланың жүйке жүйесіне тым ауыр болады.
Және 2-3 жасар баланың қоршаған ортаны қабылдау түйсігі көзбен көру арқылы шектеледі. Үлкен ми қыртысы енді жетіліп жатқандықтан бейне сурет толық болуы керек.
Мысалы «Күшік пен мысық», «Аю қалай ботқа пісірді?» т.б мазмұныныда нақты іс әрекетті ғана баяндайтын шығарма болуы керек. Зат есім және сын есімдерге жауап алатындай қарапайым дағдыларды қалыптастыратын жеңіл мазмұнды болуы керек..
3-4 жаста 3-4 персонажды,
4-5 жаста 4-5 персонажды шығармалар алуға болады.
Бұл жерлерде шығарма мазмұны күрделене түседі. Тек білімділік емес тәрбиелік, дамытушылық міндеттер қосылады.
Баланың сөйлеу қабілеті 3- жасқа дейін ойлау арқылы дамыса 3-жастан жоғары сөйлеу арқылы дамиды.
Ал, енді сөзімнің соңында айтарым бақытты бала тәрбиелеп өсіру сізбен біздің қолымызда. Бұрын мен ересек топта жүргенде балалар сұрайтын бақытты деген не деп. Сонда мен, сен міне аяқ қолың сау балабақшаға күде келесің, денің сау яғни, бақыттысың. Сен бақытты болсаң мамаң мен папаң бақытты. Әкең мен анаң бақытты болса, атаң мен әжең бақытты,ал әжең мен атаң бақытты болса бүкіл туыстарың бақытты. Ал, сенің туыстарың бақытты болса, онда бүткіл ауыл бақытты. Ал, біздің ауылымыздағы адамдар бақытты болса, Отанымыз бақытты деп.
Сондықтан бүлдіршіндеріміздің білімді тәрбиелі болып келешегінің жарқын болуы мына ересектерге тікелей байланысты. Балаларымыздың бақытын телефонмен байламай керсінше кітап оқу арқылы болашақ білікті мамандардың тұғырын бекітейік дегім келеді.