"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолымбет к. "Ботакөз" бөбекжайы" МКҚК мемлекеттік білім беру ұйымы арнайы педагогі - мұғалім-дефектолог, дефектолог, мұғалім-логопед, логопед бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

25.07.2022

  «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 12 ақпандағы № 57 Бұйрығына « Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» сәйкес мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының арнайы педагогінің (мұғалім-дефектолог, дефектолог, мұғалім –логопед, логопед )  бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

«Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК негізгі қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

1.Біліктілікке қойылатын талаптар:

     

      жұмыс өтіліне талап қойылмай, "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

     

      1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін білу;

      арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

      дефектологияның заманауи әдістерін қолдану;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог – модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      3) "педагог – сарапшы":

      "педагог – модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін қолдану;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

 

Лауазымдық міндеттері:

      мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

      даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

      басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

      жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

      өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

      әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Просмотров: 200

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст