"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің "Ботакөз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Ботакөз" поселка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің жетістіктеріміз


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ПЕдагогикалық сағат : Баланың жеке даму картасы бойынша оқыту (тексеру )

15.05.2024

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫН МЕҢГЕРУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІ СӘЙКЕС БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ДАМУ КАРТАСЫН ТОЛТЫРЫЛУЫ БОЙЫНША  ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖҰМЫС.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесі- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137

қаулысымен және Моделді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығы Үлгілік оқу бағдарламасымен   іске асырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша білім беру ұйымында жылына үш рет мониторинг жүргізіледі. Мониторинг педагогтің балалардың түрлі жас кезеңдерінде Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге жету деңгейлерін және баламен жеке жұмыс жүргізуде педагогтің алдағы іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді.

Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын;

 - Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;

- мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;

 - диагностика жүргізу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу;

 - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын игеру деңгейін есептеу әдістерін;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет.

Оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму картасын әзірленеді және диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасына өзгерістер енгізіледі. Топтың мониторингінен алынған деректер негізінде оқу жылына Баланың жеке даму картасы толтырылады.

 Баланың жеке дамыту картасын толтыру кезінде педагог кестеге дамытушы немесе түзету шараларын, қажет болған жағдайда бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралардың екі түрін енгізеді. Бастапқы бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) қазан-желтоқсан, аралық бақылау нәтижесіндегі шаралар ақпан-сәуір, қорытынды бақылау нәтижесіндегі шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.

Қорытындыға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі жазылады. Жеке картаны жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп топ тәрбиешісі және мектепалды сыныптың тәрбиешісі дербес толтырады

Просмотров: 908


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст